Близость слов: Окончание:





«Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 275-НҚ және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 бірлескен бұйрығы мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 сәуірде № 22557 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 11 қарашадағы хаттамасының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі __________Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________А. Цой 
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7,
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 13 сәуірдегі № 275-НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 13 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-29 бірлескен
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі
1. «Медициналық маскалардың шекті бағасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/202020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 10 cәуірде жарияланған).
2. «Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № ҚР ДСМ-84/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 14 шiлдегi № 146-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 55 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 15 шілдегі № 20971 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. «Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/202020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-132/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 227-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 80 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi