Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с null
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралары туралы
 Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 28 Қаулысы
 Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 29 Қаулысымен осы қаулының күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38, 104-баптарына, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты (коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуі, инфекциялық төсектердің толу көрсеткішінің төмендеуі, жедел жәрдем шақыруларын және ауруханаға жатқызудың төмендеуі), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және қамтамасыз етсін:
1) объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына (бұдан әрі - № 37 қаулы) сәйкес «Ashyq» жобасын іске асыруды және енгізуді жалғастыру;
2) № 37 қаулының 1-қосымшасындағы алгоритмге сәйкес жаңа қатысушыларды «Ashyq» жобасына қосу;
3) № 37 қаулының 2-қосымшасындағы алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау;
4) № 37 қаулының 3-қосымшасына сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару;
5) № 37 қаулының 4-қосымшасында көрсетілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының қызыл аймақ режимі бойынша объектілердің жұмысын қамтамасыз ету;
- демалыс күндері № 37 Қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийі бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілердің жұмысын, қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті сынамалар тобы сәтінен бастап 7 тәуліктен асырмай, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) ағымдағы жылдың 04 қыркүйегінен бастап сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары - сағат 02.00-ге дейін, («Жасыл мәртебе» болуына қойылатын талаптар қалааралық тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды);
- ағымдағы жылдың 06 қыркүйегінен бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзарту;
7) сһеск-in бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан алып тастау;
8) халықты, жеке және заңды тұлғаларды «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа платформаларды пайдалану қажеттілігі туралы хабардар ету (мысалы, eGovmobile, Aitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, HalykBank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін;
9) әкімдіктердің сайтында «Ashyq» жобасына қатысушылар, оның ішінде тестілік режимде қатысушылар мен ерікті қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» «көшбасшылары» мәртебесі берілген жобаға қатысушылар тізімін орналастыру;
10) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге Мәліметтерді уақтылы енгізуі және оларды Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО БЭЖ) бірыңғай интеграциялық порталына беруі;
11) call-орталықтары арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдау ұйымдастыру;
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізу;
13) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформаларда ерікті тіркеумен қала аралық туристік тасымалдарға кіруі (мысалы, egovmobile, Aitu платформасындағы аналог), Kaspi.kz, HalykBank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz);
14) «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарының бұзушылықтарын алдын алу бойынша, мониторингтік топтар жұмысының тиімділігі № 37 қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес;
15) QR-кодты өшіруге арналған жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoKazakhstan.kz электрондық платформасына уақытылы енгізу.
2. «Атамекен» ҰКП филиалы (келісім бойынша) «Ashyq» жобасына қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 25 және 2021 жылғы 16 тамыздағы № 26 қаулыларының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 26 тамыздағы
№ 37 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар ****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

1

2

3

4

5

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

Жазғы алаңдар

+

+

+

Фуд-корттар

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

2.

Сауналар, моншалар

+

+

+

3.

СПА-орталықтар

+

+

+

4.

Бассейндер

+

+

+

5.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

50%-дан

асырмай толтыру

40%-дан

асырмай толтыру

30%-дан асырмай толтыру

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

9.

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

+

10.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

11.

Бильярд

50%-дан асырмай толтыру

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

12.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

60%-дан асырмай толтыру

50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

13.

Боулинг

50%-дан асырмай толтыру

50%-дан

артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

14.

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде

15.

Океанариум

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

16.

Көрмелер

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

17.

Марафондар (ашық ауада)

100 адамнан артық емес

50 адамнан артық емес

30 адамнан артық емес

18.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

20%-дан артық емес толтырылған кезде

19.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

20.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21.

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

22.

Цирктер

50%-дан артық емес толтырылған кезде

40%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

23.

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

+

24.

Әуежайлар

+

+

+

25.

Теміржол вокзалдары

+

+

+

26.

ХҚО

+

+

+

27.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

+

28.

Базарлар

+

+

+

29.

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

+

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

31.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

алдын ала жазылу бойынша

32.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

+

+

33.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

70 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi