«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37562 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларға 1-қосымшаның «Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 20-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) Қағидалардың 11-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
2) Қағидаларға 5-қосымшаның «Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 16-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«16. 7.1-жолда есепті кезең ішінде алынған қарыздың немесе 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімі бар есепті кезең ішінде орналастырылған (тартылған) салымның сомасы мәміле бойынша есеп айырысу валютасында көрсетіледі. 7.2-жолда 7.1-жолда көрсетілген соманың теңгемен баламасы мәміле жасалған күні «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
3) Қағидаларға 6-қосымшаның «Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 15-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15. 1-кестенің 7-жолында облигациялар бойынша номиналды құны, акциялар бойынша сатып алу құны көрсетіледі. Құн көрсеткіші теңгемен транзакция күніне көрсетіледі (номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар үшін теңгедегі құнының баламасы «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі).»;
4) Қағидаларға 10-қосымшаның «Банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 20-тармағы екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шетел валютасындағы шарт бойынша мәміле сомасы шартты жасасу күніне «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
5) Қағидаларға 11-қосымшаның «Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 14-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Полная версия

