Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2020
Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2020 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР 07.07.2020 жылғы № 360-VI Заңына сәйкес
Нысаны және Тақырыбы өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (07.04.1995 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Редакция 15.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды(ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (07.04.1995 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Құжат мәтініндегі "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлық"  деген сөздер "Заңды", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (07.04.1995 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Құжат мәтініндегі «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінен», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне», «мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен», «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен», «наркологиялық мекемелеріне», «наркологиялық мекемеге», «Наркологиялық мекемеге», «наркологиялық мекемелерге» деген сөздер «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «наркологиялық ұйымдарына», «наркологиялық ұйымға», «Наркологиялық ұйымға», «наркологиялық ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдығудың әлеуметтiк қауiптiлiгi, оларды емдеу
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық азаматтардың денсаулығына, елiмiздiң тектiлiк қорына залал келтiретiн және қылмыстың өсуiне себепшi болатын дерттер болып табылады.
Өз еркiмен емделуден жалтарған алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларға денсаулық сақтау жүйесiнiң мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда, емдеу кезеңiнде оларды еңбекке тарта отырып, ерiксiз стационарлық ем қолданылуға тиiс.
Денсаулық сақтау жүйесiнiң наркологиялық ұйымдарына ерiксiз емдеуге жiберу сотты болды деп қаралмайды.
1-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым
Заң 1-1-баппен толықтырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңына сәйкес (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым - негізгі міндеті сот оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарды емдеу болып табылатын медициналық денсаулық сақтау ұйымы.
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның күзетін ұйымдастыру ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2-бап. Ерiксiз емдеуге жiберiлетiн адамдардың құқықтық жағдайы
Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан аурулар ерiксiз емделуге жiберiлген және емделу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын емдеу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.
Олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн оларға сотта қорғау кепiлдiгi берiледi, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтiк көмек көрсетiледi.
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда емдеуде болу уақыты еңбек стажын үзбейдi және ол жалпы еңбек стажына қосылып есептеледi.
Ерiксiз емделуге жiберiлген адамдардың бұрынғы тұрған жерi бойынша тұрғын жайға құқығы сақталады.
3-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп тану тәртiбi
3-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (07.04.1995 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп тану Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiппен тиiстi медициналық куәландырудан кейiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Ерiксiз емдеуге жiберу туралы мәселенi шешу кезiнде медициналық куәландырудан жалтарған адамдарды ерiксiз тексеру үшiн наркологиялық ұйымға iшкi iстер органдары ықтиярсыз алып келедi.
Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп танылған адам мұнымен келiспеген жағдайда бұл шешiмге жоғары тұрған денсаулық сақтау саласын басқару органына немесе сотқа шағым жасауына болады.
4-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға ерiксiз емдеуге жiберудiң негiздерi
4-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (07.04.1995 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Полная версия
ИС BestProfi