«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 150 Жарлығына сәйкес
Редакция 29.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (18.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат):
1-тармақ алып тасталсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Мемлекеттік саяси лауазымдар
Бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 17.06.2014 жылғы № 837 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) Бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 18.06.2015 жылғы № 40 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Полная версия