Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 231 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 06.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 132 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),  3) тармақшаларына,  29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"; 
көрсетілген қаулымен бекітілген "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2)   Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (17.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 231 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1669 қаулысымен
бекітілген
"Мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімдерін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің (htp://www.mvd.kz, "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімі) интернет-ресурсында;
Полная версия
ИС BestProfi