Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2014
"Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1669 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2010 № 1092 Қаулысымен (26.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 06.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 132 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),  3) тармақшаларына,  29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.02.2012 № 231 (11.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған "Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2010 № 1092 Қаулысымен (26.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен
бекітілген
"Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттiк қызмет стандарты
Тақырып жаңа редакциядаҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1788 Қаулысымен (17.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.02.2012 № 231 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1788 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімдерін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің (htp://www.mvd.kz, "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімі) интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкімет" веб-порталында;
4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің (8-7172) 58-00-58 телефоны бойынша, "электрондық үкімет" веб-порталы (1414) call-орталығының телефоны бойынша да берілуі мүмкін.
5. Әділет және ішкі істер органдарының уәкілетті адамдарының электрондық цифралық қолдары қойылған, осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық құжат нысанындағы мекенжай анықтамасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi