Близость слов: Окончание:





Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 жылғы № 318 Бұйрығына сәйкес (04.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес (16.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 жылғы № 494 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 05.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 14.07.2023 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2012 жылғы № 142 Бұйрығымен (05.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес (16.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 жылғы № 494 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына 1-қосымша
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 18.06.2008 жылғы № 260 Бұйрықпен (18.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 09.07.2009 жылғы № 369 Бұйрығымен (20.01.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2009 жылғы № 590 Бұйрықпен (20.01.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 10.02.2011 жылғы № 44 Бұйрығымен (01.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 05.12.2011 жылғы № 506 Бұйрығымен (16.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «білім департаментінің директоры» сөздер «білім басқармасының бастығы» сөздермен, «департаменттері», «департаменттерінің», «департаментімен» сөздер «басқармалары», «басқармаларының», «басқармаларымен» сөздерімен ауыстырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2009 жылғы № 14, 10.02.2011 жылғы № 44 Бұйрықтары бойынша (18.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2012 жылғы № 142 Бұйрығымен (05.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 28.06.2013 жылғы № 241 Бұйрығымен (04.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 21.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 жылғы № 318 Бұйрығымен (04.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.11.2016 жылғы № 660 Бұйрығына сәйкес (13.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжат мәтініндегі және тақырыбындағы «қағидалары», «қағидалардың», «қағидаларға», «қағидалырына», «қағидаларда» деген сөздер «қағидалары», «қағидалардың», «қағидаларға», «қағидалырына», «қағидаларда» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес (16.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2017 жылғы № 135 Бұйрығымен (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 06.06.2017 жылғы № 265 Бұйрығымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2018 жылғы № 47 Бұйрығымен (06.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 жылғы № 494 Бұйрығымен (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 26.11.2019 жылғы № 509 Бұйрығымен (16.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2020 жылғы № 149 Бұйрығымен (өзгерту 20.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 28.08.2020 жылғы № 373 Бұйрығымен (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 21.10.2020 жылғы № 453 Бұйрығымен (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 28.04.2021 жылғы № 189 Бұйрығымен (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 жылғы № 207 Бұйрығымен (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 31.05.2021 жылғы № 248 Бұйрығымен (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 13.04.2023 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (12.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 14.07.2023 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;
Полная версия
ИС BestProfi