Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.11.2003
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 500      
Редакция 27.08.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже; 
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен. (18.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2003. № 872 қаулысымен. (20.08.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525   қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 сәуірдегі
 N 500 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi