Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 329 Жарлығы Қазақстан Республикасының     
 Президенті мен Үкіметі актілерінің
 жинағында жариялануға тиіс   
Редакция 19.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 29-бабының 4-тармағына, 38-1 және 56-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 351-құжат):
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының судьяларына куәліктерді беру қағидалары»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ереже осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) сәйкес судьялыққа каидидаттың тағылымдамадан өту талаптары мен тәртібін айқындайды.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап бес жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалардың оқуды аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Құқық қорғау қызметі туралы » және «Мемлекеттік қызмет туралы » Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан немесе өзге мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық соттар төрағаларының өкімдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері) басшылары мен машықтанушы-кандидаттардың арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасау үшін негіз болып табылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi