Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.07.2016 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.07.2024 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.07.2016 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 жылғы № 226 Бұйрығымен (25.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 жылғы № 214 Бұйрығымен (18.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.07.2016 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Дәрежелерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 119) тармақшасына сәйкес әзірленді және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.07.2024 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 жылғы № 170 Бұйрығымен (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 09.01.2023 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;
2) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
3) диссертация – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының шеңберінде нақты мамандық бойынша Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалған біліктілікті айқындайтын ғылыми жұмыс;
4) Сараптау кеңесі – Комитет жанындағы тиісті ғылыми бағыт бойынша диссертацияның Қағида талаптарына сәйкестігін сараптайтын және диссертациялық кеңестің қызметіне мониторингті жүзеге асыратын, сондай-ақ ғылыми басылымдардың талаптарға сәйкестігіне сараптама және мониторинг жүргізетін консультативтік-кеңесші орган;