1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы
Осы редакция 30.06.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Агенттің 2006 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 60000000 (алпыс миллион) теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін»"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
4. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға
арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау және бюджет
қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 997 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 467-құжат):
тақырыбындағы»"және бюджет қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы»"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
2, 4, 5-тармақтар алынып тасталсын.
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 қарашадағы
Полная версия