"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы
Осы редакция 16.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Агенттің 2011 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 55596799 (елу бес миллион бес жүз тоқсан алты мың жеті жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерінде бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.07.2011 № 805 (08.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.07.2011 № 805 (08.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (02.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 1133 қаулысымен
бекітілген
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі
Бүкіл мәтіндегі «сақтандырушыға», «сақтандырушының», «сақтандырушы», «сақтандырушылармен», «сақтандырушымен» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе өзара сақтандыру қоғамына», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы», «немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамымен» деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2010 № 1042 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
Полная версия