«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2014
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.07.2014 жылғы № 779 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2011 жылғы № 912 Қаулысымен (10.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келісім бойынша) "Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2011 жылғы № 912 Қаулысымен (10.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.08.2011 жылғы № 912 Қаулысымен (10.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2011 жылғы № 912 Қаулысымен (10.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2013 жылғы № 804 Қаулысымен (04.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2011 жылғы № 912 Қаулысымен (10.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2013 жылғы № 804 Қаулысымен (04.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны әзірлеуге және іске қорғау министрлігі асыруға жауапты мемлекеттік орган
Мақсаты Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау
Міндеттері «Жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендік әсер етуді төмендету; табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру; қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру
Іске асыру мерзімдері 2010 - 2014 жылдар
Полная версия