Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 Қаулысы
Редакция 23.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат):
1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен)
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 224-16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"224-16 СТЛ-000337 "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ".
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақтың күшін жойды - Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 01.12.2008 № 1122 Қаулысымен. (21.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 199 Қаулысымен (19.09.2009 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
8. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 126-құжат):
1) 3, 4-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23-жолдарда:
"Орындалуына жауаптылар" және "Болжамды шығыстар" деген бағандарда "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi".
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.07.2007. № 633 Қаулысымен. (15.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1082 қаулысымен (20.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi)
Полная версия