Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.06.2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 1122 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 03.06.2011 № 619 Қаулысымен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 1 желтоқсандағы
 N 1122 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 20 қарашадағы
 N 1110 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)
 
Р/с
N
Іс-шара Аяқталу
нысаны
Орындауға
жауаптылар
Орындау
мерзімі
Болжамды
шығыстар
(мың
теңге)
Қаржы-
ландыру
көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Көшіп келу
1. Көшіп келушілердің қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуі жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2008 жылғы шілде Талап етілмейді -
2. Өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлік еңбек нарығының мүддесіне орай көшіп келушілерді ұтымды орналастыру тетігін әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2009 жылғы шілде Талап етілмейді -
3. Көшіп келу процестерінің
мониторингін жүргізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
4. Өндірістік күштердің дамуын және орналасуын ескере отырып жұмыс орындарын құру және оларды кадрмен қамтамасыз етудің бас схемасын (теңгерім) жасау Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ИСМ, ЭБЖМ, АШМ 2010 жылғы
қаңтар
Талап етілмейді -
5. Қазақ диаспорасымен, бұрын Қазақстаннан кеткен және шет елдерде тұратын азаматтармен экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), СІМ 2010 жылғы қаңтар Талап етілмейді
-
6. Жоғары білікті жұмыс күшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларына тарту рәсімін жеңілдету жөнінде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині 2009 жылғы шілде Талап етілмейді -
7. Босқындар жөнінде ақпараттық деректер банкін құру Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) 2011 жылғы қаңтар 2010 ж.
- 1 595,5
Республикалық
бюджет
8. Қазақстан Республикасы өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, СІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) 2010-2011 жылдар,
қаңтар
Талап етілмейді -
9. Баспана іздеген адамдарды орналастыру орталықтарын құру және онда босқындарды ұстауды қаржыландыру тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, СІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) 2010 жылғы шілде Талап етілмейді -
2. Көшіп кету
10. Сыртқы көші-қон процестеріне және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсеріне талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
11. Көшіп кету ағындарының серпініне мониторинг пен талдауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
12. Қазақстан Республикасынан жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті бақылаудың тиімділігін күшейту Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ІІМ Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
13. Мыналар:
көшіп кету процестерін азайту және тұрақтандыру, оның ішінде зияткерлік әлеует шығынының алдын алу жөнінде;
бүгінгі таңда шетелде тұратын еліміздің бұрынғы азаматтарының реэмиграциясын ынталандыру;
көші-қонның оң сальдосын сақтау және көбейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2011 жылғы
қаңтар
Талап етілмейді -
3. Ішкі көші-қон
14. Ішкі көші-қон процестерінің және өңірлік еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, АШМ, СА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап
етілмейді
-
15. Халықты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлердің еңбек ресурстарына қажеттілігі мәселелері бойынша хабардар етуді қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010-2011 жылдар,
қаңтар
Талап етілмейді -
16. Мыналар:
еңбек ресурстарының көші-қон ұтқырлығын арттыру;
өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты аумақтық қайта бөлуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ 2010 жылғы
қаңтар
Талап етілмейді -
4. Заңсыз көші-қон
17. Украинамен, Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен реадмиссия туралы келісім жасасу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп ІІМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), Әділетмині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша) 2009 жылғы
қаңтар
Талап етілмейді -
18. Көші-кон процестерінің транспаренттілігін және заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар ІІМ (жинақтау), Еңбекмині 2010 жылғы
қаңтар
Талап етілмейді -
19. Заңсыз көші-қонның жолын кесу, мигранттар трафигінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ҰҚК (келісім бойынша) 2010-2011 жылдар,
қаңтар
Талап етілмейді -
5. Көші-кон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
20. Көші-қонға қатысты мәселелер жөніндегі халықаралық құқықтық шарттарға талдау жасау және ШЫҰ мен АӨСШК-ге қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Еңбекмині (жинақтау), СІМ 2008 жылғы шілде Талап етілмейді -
21. Көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкестігі мәніне талдау жүргізу, ұлттық заңнаманы халықаралық шарттарға сәйкес одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау Әділетминіне ұсыныстар,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
Еңбекмині (жинақтау), СІМ 2009 жылғы
30 қаңтар
Талап етілмейді -
22. "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ 2008 жылғы
қараша
Талап етілмейді -
23. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын ТМД мен ЕурАзЭқ-қа қатысушы мемлекеттермен үйлестіруге және біріздендіруге қатысу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) 2009-2010 жылдар,
қаңтар
Көзделген бюджет қаражаты шегінде Респуб-
ликалық
бюджет
6. Көші-қон процестерін басқаруды институционалдық және
кадрлық қамтамасыз ету
24. Көші-қон процестеріне мониторинг және бағалау жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
25. Көші-қон мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині Жыл сайын
30 қаңтар,
30 шілде
2009 жыл
- 949,0
2010 жыл
- 1025,0
Республикалық бюджет
26. Ақтау қаласындағы этникалық қазақтарды бейімдеу және кіріктіру орталығының құрылысын аяқтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімі 2010 жылғы
қаңтар
2009 жыл - 2 617 570,0 Республикалық бюджет
27. "Оралман" ақпараттық деректер базасын әлеуметтік саланың ақпараттық жүйесіне кіріктіру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰҚК (келісім бойынша)
2010 жылғы
қаңтар
2009 жыл
- 10 000,0
Республикалық бюджет
28. Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету (оның ішінде БҰҰ БЖКБ, КХҰ халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Талап етілмейді -
29. Қазақстандық тараптың көші-кон процестерін басқару мәселелері жөніндегі халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ, СА, ҰҚК (келісім бойынша) Жыл сайын,
30 қаңтар,
30 шілде
Тартылған қаражат есебінен Демеушілік
көмек
қаражаты
7. Көші-кон процестерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық сүйемелдеу
30. Көші-қон саясаты мәселелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету Еңбекминіне
ақпарат
Мәдениетмині Жыл сайын,
15 қаңтар,
15 шілде
Талап
етілмейді
Мемлекеттік
тапсырыс шеңберінде
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын болады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік               қорғау министрлігі 
СІМ       - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 
ИСМ       - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 
ІІМ       - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат                  министрлігі 
АШМ       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 
ЭБЖМ      - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау               министрлігі 
ТЖМ       - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 
ҰҚК       - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті               (келісім бойынша) 
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
БП        - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім               бойынша) 
СА        - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 
АӨСШК     - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі               кеңес 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 1 желтоқсандағы
 N 1122 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 480-құжат). 
2. "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 485-құжат). 
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 және 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 118-құжат). 
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 192-құжат). 
5. "Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 925 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 395-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi