Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.07.2015
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 574 Қаулысына сәйкес
«Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 16.03.2015 жылғы № 175 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 қазандағы
 № 1248 қаулысымен
 бекітілген
Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (31.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 875 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсіптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсіптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсіптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйымдар) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кәсіптік ұйымдар www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіптік ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрату;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын электрондық құжат.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуді өткiзу үшiн портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сертификаттау жөніндегі ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрату;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысынындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар;
Полная версия
ИС BestProfi