Близость слов: Окончание:





Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10703 тіркелді
Редакция 02.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен бекітілген
Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығымен (16.03.2015 ж. реадкцияны қараңыз)(өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» және «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).
3. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымды және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк «Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Қаулы) нысандары бойынша аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
4. Қаулымен бекітілген нысаны бойынша бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
5. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымы аккредиттеу рәсімінен өтеді.
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 жылғы № 979 Бұйрығына сәйкес (04.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi