Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10703 тіркелді
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығымен (16.03.2015 ж. реадкцияны қараңыз)(өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» және «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).
3. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымды және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк «Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26414 болып тіркелді) (бұдан әрі – 1341 Бұйрық) нысандары бойынша аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (15.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. 1341 Бұйрығымен бекітілген нысаны бойынша бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (15.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымы аккредиттеу рәсімінен өтеді.
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 жылғы № 979 Бұйрығына сәйкес (04.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.