Близость слов: Окончание:





Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 Қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамыздағы № 7121 тіркелді
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына, сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (21.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2025 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 98 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5433 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 68 қаулысымен
бекітілген
Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Нұсқаулық «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы №220 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2025 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылардың (бұдан әрi – ұйым) және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлiк есебін жүргiзуін нақтылайды.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 388 қаулысымен (24.08.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 83 Қаулысына сәйкес (23.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 251 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2025 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2025 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.
4. Осы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат етіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау алынып тасталды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2025 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебі
3-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-параграф. Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу
1-параграф жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 251 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар» және «Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар» (мәміле бойынша шығындар қосылатын сатып алу құнына) санатына жіктелген борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авансты брокерге қайта есептеу кезінде:
Полная версия
ИС BestProfi