"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.08.2016
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5670 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 2 тамыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 қаулысымен бекітілді
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Осы Ислам банктеріне арналған нормативтік мәндер және пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) ислам банктеріне (бұдан әрi – банктер) арналған пруденциялық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгiлейдi. Нормативтiк мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 97 Қаулысымен (06.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 242 Қаулысымен (21.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2015 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиттері;
Полная версия