Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2018
Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 10.04.2018 ж. № 180 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары);
2) меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысаны бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегі № 1018 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын және Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасы 2012 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 қарашадағы
 № 1278 қаулысымен
 бекітілген
Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және меншік иесінің салынған объектілерді пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидалардың қолданысы Заңның 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге қатысты болады.
2. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібі
3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:
2) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі;
3) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары;
4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (жобаның нобайы).
Полная версия
ИС BestProfi