Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1710 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
«Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 136 Бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібін айқындайды, оны мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар ресімдейді және автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде міндетті түрде осы қаулымен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
4. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және жеке немесе заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады және аталған журналды жүргізуге тағайындалған жауапты тұлға қол қояды.
3-бағанда жұмыс күні басындағы жеке немесе заңды тұлғада бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған жеке немесе заңды тұлғалар осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне);
6-бағанда жұмыс күнінің соңына жеке және заңды тұлғаларда бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңында.
8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) көрсетіледі (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) толық ауысқанға дейін) және болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.
11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
5. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларынан, сондай-ақ жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру тәртібі
3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды);
5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар меншік иесін (жалға берушіні), автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді.
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері - жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері