Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1710 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
«Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 136 Бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары;
2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 17410 қаулысымен
 бекітілген
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары
1. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібін айқындайды, оны мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар ресімдейді және автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.
2. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру тәртібі
3. Автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде міндетті түрде осы қаулымен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
4. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және жеке немесе заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады және аталған журналды жүргізуге тағайындалған жауапты тұлға қол қояды.
1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімінің коды – дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда жұмыс күні басындағы жеке немесе заңды тұлғада бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған жеке немесе заңды тұлғалар осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне);
4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі;
5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
6-бағанда жұмыс күнінің соңына жеке және заңды тұлғаларда бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңында.
7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) көрсетіледі (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) толық ауысқанға дейін) және болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.
9 -бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә көрсетіледі, қолы қойылады.
5. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларынан, сондай-ақ жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру тәртібі
1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды);
5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.
9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның  Т.А.Ә. көрсетіледі, қолы қойылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1710 қаулысымен
 бекітілген
 201__ жыл үшін автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
 
Күні Мұнай өнімінің пин-коды Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннада)
Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны ауыстырылған) Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)
1 2 3 4 5 6





















 
Мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер Журналды жүргізуге жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә.
Мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы Жеткізушінің СТН және бар болған кезде ЖСН/БСН Ілеспе жүк- құжатының нөмірі Ілеспе жүк- құжатының күні Ілеспе жүк- құжаты бойынша мөлшері (тоннамен)
7 8 9 10 11 12
























Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар меншік иесін (жалға берушіні), автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді.
Автожанармай құю станциясындағы
 мұнай өнімдерінің қозғалысын
 есепке алу журналына
 қосымша
 
Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә., қолы
Күні Мұнай өнімдерінің түрлері ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) басында ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) соңында Жұмыс күні (ауысымда) ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен
ОҮК № 1 ОҮК № 2 ОҮК № 1 ОҮК № 2 ОҮК № 1 ОҮК № 2
1 2 3 4 5 6 7 8 9

















































Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері - жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері 
Полная версия
ИС BestProfi