Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.01.2015 жылғы № 55 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 759 қаулысымен
 бекітілген
Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2012 жылғы № 767 Қаулысымен (02.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді, жолаушыларға темір жол вокзалдарында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасында темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар қолданылады:
1) қосымша қызметтер – темір жол вокзалдарында темір жол вокзалдарының класына байланысты халыққа ұсынылатын, жолаушылар тасымалдау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылмайтын қызметтер;
2) қызметтерді жеткізуші – темір жол вокзалының иесімен жасалған шарттар негізінде темір жол вокзалында жолаушыларға (халыққа) қызмет көрсететін тұлға;
3) темір жол вокзалының класы – орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты айқындалған теміржол вокзалының мәртебесі;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) темір жол вокзалының иесі – жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленетін және темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыратын тұлға.
2. Темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі
3. Темір жол вокзалдары тасымалдау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметін тәулік бойы жүзеге асырады.
4. Теміржол вокзалдары орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне, жолаушылар ағыны мен техникалық жабдықталуына байланысты кластарға бөлінеді. Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың кластарына сәйкес теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесіне сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Темір жол вокзалының технологиялық мақсаты жолаушылардың темір жол станцияларына келуі, тұруы және жөнелтілуі кезінде оларға қауіпсіз, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету және халыққа қызметтер көрсету болып табылады.
6. Теміржол вокзалының билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлары, санитарлық–тұрмыстық үй-жайлары, соның ішінде мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына арнайы әлеуметтік жабдықталған үй-жайлары, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (соның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті күзету пункті болуға тиіс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында қосымша қол жүгін сақтау камерасы, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері, тамақтану орындары, шаштараз, дүкендер, сауда дүңгіршіктері, пошта бөлімі, ақша айырбастау орны, дәріхана, банкомат, төлем терминалдары, интернет (WI-FI) болуға тиіс.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Барлық қызмет көрсету орындары тәулік бойы жұмыс істеуге және мүгедектерге оңай қолжетімді болуға тиіс.
9. Вокзалдар мынадай тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады:
2) үздіксіз электрмен қоректендіру жүйесі;
3) өрт сигнализация жүйесі (авариялық хабарландыру, персоналды және келушілерді эвакуациялауды басқару, автоматты өрт сөндіру және түтінді кетіру);
4) вокзалдардың периметрінің сыртқы қоршауы;
6) инженерлік қорғаныс (турникеттер, темір іздейтіндер).
10. Сервистің барлық пункттері қозғалысы шектеулі жолаушыларға жеңіл қолжетімді болуы тиіс.
11. Күту залдары перронға шығатын кіреберіске жақын орналасуы тиіс.
12. Билет кассалары күту залынан оқшауланған жеке кабина түрінде жасалады. Жолаушыларға қызмет көрсетудің санаты бойынша біріктіріліп, оларды топтап орналастыру қажет.
13. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
14. Темір жол вокзалдарында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз ету үшін үй-жайлар ұсыну барлық тасымалдаушыларға немесе тасымалдаушы уәкілеттік берген тұлғаларға тең негізде жүзеге асырылады.
15. Темір жол вокзалдарында медициналық пункттердің болуын медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу арқылы вокзал иелері қамтамасыз етеді.
16. Тасымалдау үдерісімен байланысты анықтама-ақпараттық қызметтер тұрғындарға тегін көрсетіледі, атап айтқанда:
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1320 Қаулысымен (08.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) ақпараттық стендтер, табло арқылы көзбен шолу ақпараты арқылы:
жолаушылар және қала маңы поездарының келуі және жүруі туралы ақпарат;
жолаушылар және қала маңы поездарының жүру кестесі;
жолаушылар және қала маңы тасымалын орындайтын тасымалдаушылар туралы мәліметтер;
темір жол вокзалындағы жолаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат.
2) ақпараттық қызмет бойынша ауызша және (немесе) радиотрансляциялық ақпарат арқылы:
жолаушылар және қала маңы поезының нақты келу, жүру және (немесе) бөгелу уақыты;
жолаушылар және қала маңы поезының берілетін және жүретін жолы туралы;
Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайл шрифтін, түйсіну қатынасын, ірі шрифтті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
17. Тасымалдау үдерісімен және жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтерді вокзал қызметкерлері тұрғындарға тегін көрсетеді:
1) перронда жолаушыларды поезд вагондарына қауіпсіз отырғызуды/түсіруді ұйымдастыру;
2) жолаушылар және қала маңы поездарының кешігуі туралы актілерді жасау;
3) қолданылмаған жол жүру құжаттарында (билеттерде) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес белгі қою;
4) мүгедектерді және халықтың баяу қимылдайтын топтарын жолаушылар (қала маңы) поездарына отырғызу/шығаруға сүйемелдеу.
18. Темір жол вокзалында класқа байланысты ақылы негізде қосымша мынадай қызметтер көрсетіледі:
1) жолаушылардың, күтіп алушылардың немесе шығарып салушылардың өтініші бойынша дауыс зорайтқышпен хабарландыру;
2) тасымалдаушылардың қызметі және темір жол вокзалында орналасқан коммерциялық құрылымдардың қызметтері туралы жарнамалық сипаттағы хабарландыру;
3) анықтамалық ақпаратты қағаз тасығышта ұсыну;
4) жолаушыларға арналған демалу бөлмелері, оның ішінде бала мен ана бөлмесі;
5) балама ақысыз дәретханалар болғанда қоғамдық дәретханалар.
19. Қоғамдық тәртіпті қорғау пункттеріне арналған үй-жайлар коммуналдық төлемдерді, байланыс төлемдерін қоспағанда, өтеусіз ұсынылады.
1) күту залдарында поездың келуін күту қамтамасыз етіледі;
2) жолаушыларға қызмет көрсетумен және тасымалдаумен байланысты қызметтер көрсету үшін үй-жайлар ұсынуға рұқсат беріледі;
3) вокзал ғимаратына, перрондарға кіретін/шығатын өтпелерді, отырғызу платформаларын, жаяу жүргінші көпірлерін, төсеніштерді, тоннельдерді қол жүгімен, багажбен, басқа заттармен бөгеуге жол берілмейді;
4) вокзал аумағында кәмелетке толмаған адамдардың ересектердің қарауынсыз болуына жол берілмейді;
5) жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды оларға қызмет етумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді;
6) медициналық пункттер бірінші қабатта орналастырылады және перрондарға, вокзал маңындағы алаңдарға және жолаушылардың күту залдарына еркін кіруге болады. Есік пен өтпелердің орналасуы, ені медициналық зембілмен қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
7) вокзал ғимаратына кіру/шығу және вокзал аумағында жолаушылардың (тұрғындардың) еркін қозғалуына вокзал перрондарында павильондар мен дүңгіршектерді жолдан кемінде 2,5 м кедергі келтірмейтін орындарда орналасуы тиіс;
8) жолаушыларға арналған, жолаушылар платформалар мен құрылыстарға қараңғы уақыт тәулігінде жарық түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.
21. Темір жол вокзалының иесі жолаушыларға жалпы пайдаланылатын үй-жайларға (ақылы қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлардан басқа, фойеге, күту залдарына, касса залына, жерасты өтпелеріне, жолаушылар платформаларына (перрондарға), қоғамдық дәретханаларға және т.б.) ақысыз кіруді қамтамасыз етеді.
Темір жол вокзалын күтіп ұстауға байланысты оның иесінің шығыстарын тасымалдаушы:
1) анықтама-ақпараттық (өлшем бірлігі - қызмет көрсетілген жолаушылар поезы);
2) ақылы қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлардан басқа, тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын темір жол вокзалының алаңдарын ұсыну (өлшем бірлігі - жолаушылар вагоны) қызметтеріне ақы төлеу арқылы өтейді.
Бұл ретте, осы аталған пункттегі тасымалдаушының шығындары билет құнына енгізу жолымен өтеледі.
22. Вокзалдардағы темір жол көлігі қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қажетті қолайлы жағдай жасауға, мәдениетті түрде қызмет көрсетуге, темір жол көлігі қызметтерін пайдаланатын барлық адамдармен қатынаста сыпайы және жайдары болуы және олардан қолданыстағы темір жол көлігі талаптарын орындауды талап етуі тиіс.
23. Темір жол вокзалдарында жұмыстар жүргізу темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуі, темір жол көлігі қозғалысында үзілістердің туындауына әкелмеуі тиіс.
24. Темір жол вокзалдарының аумағына өрттерді, аварияларды және басқа да дүлей апаттарды жою үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлік жасақтары, жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергісіз жіберіледі.
25. Темір жол вокзалдарында жолаушыларға және тұрғындарға вокзалдардың технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты қызметтің қосымша түрлері көрсетілуі мүмкін.
26. Тасымалдау үдерісіне байланысты қызмет көрсету мақсатында темір жол вокзалдарының иелерінің өткізілген конкурс қорытындысы бойынша тасымалдау үдерісіне қатысушылармен шарт жасасуына рұқсат етіледі.
Бұл ретте темір жол вокзалдарының иелері мен тасымалдау үдерісіне қатысушылар арасында шарттар жасасу мынадай қағидаттар негізге алына отырып, жүзеге асырылады:
1) қызметтерге тұтынушылардың тең қол жетімділігі;
3) қызметтерді жеткізушілердің барлығына қатысты бірыңғай тариф саясатын жүргізу;
4) қызметтерді жеткізушілердің жолаушылар мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұлжытпай сақтауы.
27. Темір жол вокзалдарының технологиялық мақсатына байланысты емес қызметтер көрсету мақсатында темір жол вокзалының иесімен сауда негізінде вокзалдардың технологиялық белгілеріне байланысты емес жайларды жалға беру туралы келісім-шартты жасауға рұқсат етіледі (бірлік өлшемі шаршы м.).
Полная версия
ИС BestProfi