Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 641 қаулысы
Осы Қаулы 30.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«34. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
1) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасарлары өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
«37-1. Белгіленген орындау мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшылығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмалары мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
37-2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Өздеріне тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті жергілікті атқарушы органдар өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қол қойылған тапсырмасының түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.
37-3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстаң Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау актілер мен тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің қосымша сұрауына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.»;
«38. Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмаларын орындау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде жергілікті атқарушы органның басшысы алдын ала, белгіленген мерзімге дейін кемінде бір күн бұрын тапсырма берген лауазымды адамның атына орындаудың ағымдағы жай-күйін, нақты орындау мерзімін, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын міндетті түрде көрсете отырып, мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігі туралы дәлелденген негіздемені көрсетіп хат жолдайды.
Мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.
Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша тәртіптік жауапкершілік туралы мәселені қарай отырып, ерекше жағдайларда жол беріледі.»;
«34. Заңнамалық актілерді, Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының, әкімдік пен әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
1) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының басшысы заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
«37-1. Бақылау түрлері бойынша тапсырмаларды орындау мерзімдерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі және оның орынбасарлары, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аппаратының басшысы белгілейді.
37-2. Тапсырмаларды орындаудың актілер мен тапсырмаларда белгіленген мерзімдері олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Өздеріне тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің және әкімдігінің қол қойылған тапсырмасының түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.
Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, онда олар облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің және оның орынбасарларының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты басшысының атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады.»;
Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы_____________________________________________ құжат келіп түсті, оларда______________________ парақ.