Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 16.09.2011
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 16.09.2011 № 1067 Қаулысымен. (12.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.11.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)
Нұсқаулық жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.04.2005. № 358 қаулысымен. (10.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта, Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1042-2001 Стандартында белгiленген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiн және олардың жобаларын ресiмдеу ережелерiн (заңдық техникасы) белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкімдерiнде (бұдан әрi - кесiмдер) мiндеттi түрде мынадай реквизиттер болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы;
2) кесiм нысанына сiлтеме;
3) осы кесiмнiң реттеу мәнін көрсететiн тақырыбы;
4) кесiмнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) кесiмнiң тiркелу нөмiрi;
6) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң немесе оның мiндеттерiн атқаратын адамның қолы;
7) елтаңбалық мөр.
3. Кесiмдердiң негiзгi құрылымдық элементi "тармақ" деген сөзбен атаусыз, өзiне құқық нормасын қамтитын тармақ болып табылады.
Полная версия