Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1579 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1110 Қаулысына сәйкес
1. «Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 42, 384-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына және «Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы» 2013 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1579 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар), адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, есепке алу, қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеу тәртібін, сондай-ақ оның еңбек ақысының мөлшерін белгілейді.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құқықтық консультация беру – заң көмегiн алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде арыздарды, шағымдарды, өтiнiшхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесiне қатысты ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетiлетiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң түрi;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегiн алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен тегiн негiзде көрсетiлетiн заң көмегi.
Полная версия