Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
1) мазмұндағы 26-тараудың және 275, 275-1, 276 және 277-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнама азаматтық , отбасы лық, еңбек , тұрғын үй , мемлекеттік  басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы , шаруашылық , жер құқықтық қатынастарынан , табиғи  ресурстарды  пайдалану  және қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан  және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше іс жүргізу істерін қарау тәртібін белгілейді.»;
3) 24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік  басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.»;
5) 121-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабында көзделген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін осыған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.»;
7) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы тараудың қағидалары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы істер бойынша арыздар сотта қаралуға жатпайды.».
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 34-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521530, 532534, 538, 539, 549551, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;»;
2) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi