Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 28 маусымдағы
 № 728 қаулысымен
 бекітілген
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2015 жылғы № 15 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысымен (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 284 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 451 Қаулысымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2016 жылғы № 922 Қаулысымен (30.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы ;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы ;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері ;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы .
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
Бағдарламаның міндеттері 1-міндет. Әр макроөңір үшін инвестициялық басымдықтарды айқындау.
2-міндет. Елді аумақтық дамытуды жетілдіру.
3-міндет. Инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту.
4-міндет. Халықты ауызсумен және су бұрудың көрсетілетін қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету.
Индикатордың атауы 2015 жыл (факт) 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл Ақпарат көзі Қол жеткізуге жауаптылар
1. Агломерациялар халқының саны, мың адам
Агломерациялар бойынша барлығы: 6049,6 6117,2 6221,9 6332,5 6440,0 ҰЭМ деректері ҰЭМ, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Астана 1025,4 1021,9 1052,1 1083,2 1115,5
оның ішінде Астана қаласы 872,6 969,3 1014,5 1052,8 1121,3
Алматы 2815,9 2879,3 2939,2 3000,8 3057,9
оның ішінде Алматы қаласы 1703,5 1725,7 1776,5 1828,7 1872,5
Шымкент 1594,2 1599,4 1607,9 1621,5 1635,2
оның ішінде Шымкент қаласы 886,3 929,4 954,1 979,8 1013,2
Ақтөбе 614,1 616,6 622,7 627,0 631,4
оның ішінде Ақтөбе қаласы 397,4 410,7 417,2 427,5 438,0
2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарламада көзделген қаражат шеңберінде), мың теңге
Орта есеппен республика бойынша барлығы: 15,0 10,9 7,1* 6,9* 19,2* ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Оңтүстік
Алматы облысы 5,4 2,5 2,0* 1,9* 11,4*
Жамбыл облысы 9,4 3,0 2,8* 2,6* 7,8*
Қызылорда облысы 21,0 11,5 4,7* 5,7* 12,4*
Оңтүстік Қазақстан облысы 3,2 1,5 1,5* 1,1* 6,0*
Солтүстік
Ақмола облысы 12,4 4,4 4,9* 3,1* 16,0*
Қостанай облысы 15,7 4,5 4,8* 4,7* 17,4*
Солтүстік Қазақстан облысы 20,1 5,4 9,1* 6,6* 20,7*
Батыс
Ақтөбе облысы 16,8 3,6 4,6* 3,6* 18,1*
Атырау облысы 5,6 3,9 1,4* 1,5* 14,0*
Батыс Қазақстан облысы 14,7 4,4 6,7* 5,1* 18,5*
Маңғыстау облысы 27,3 7,2 2,7* 2,6* 18,7*
Орталық-Шығыс
Шығыс Қазақстан облысы 13,1 9,3 1,6* 1,6* 8,2*
Қарағанды облысы 10,5 4,1 4,4* 4,2* 13,0*
Павлодар облысы 14,3 5,2 9,1* 4,5* 15,6*
Астана қаласы 61,5 37,2 8,6* 37,0* 34,4*
Алматы қаласы 24,1 4,7 8,3* 2,3* 17,1*
3. Жаңғыртылған/салынған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, %
Орта есеппен республика бойынша барлығы: 4 1,4 1,5* 1,6* 1,5* ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Ақмола облысы 2,8 0,5 0,3* 0,7* 0,7*
Ақтөбе облысы 5 1,1 1,9* 1,8* 1,8*
Алматы облысы 16,1 2 0,8* 1,6* 1,6*
Атырау облысы 2,8 1,3 1,9* 1,9* 1,9*
Шығыс Қазақстан облысы 1,1 0,6 0,6* 0,7* 0,7*
Жамбыл облысы 2,2 4,4 3,2* 1,8* 1,8*
Батыс Қазақстан облысы 6,2 1,5 1,5* 1,4* 1,4*
Қарағанды облысы 0 0,5 1,2* 0,4* 0,4*
Қостанай облысы 0,2 0,7 0,6* 0,7* 0,8*
Қызылорда облысы 3,3 2,5 3,7* 4,5* 4,3*
Маңғыстау облысы 6,9 2,3 2,1* 1,3* 1,3*
Павлодар облысы 0,2 1,6 2,1* 5,4* 5,4*
Солтүстік Қазақстан облысы 0,2 1,3 1,4* 1,9* 2*
Оңтүстік Қазақстан облысы 6,7 2,5 2,5* 2,3* 2,2*
Астана қаласы 0,2 0,3 1,2* 1,1* 1,1*
Алматы қаласы 16,8 1,0 0,9* 1,3* 1,3*
4. Орталықтандырылған жүйелерге қолжетімділік, %
Сумен жабдықтау, оның ішінде: ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
қалаларда 87 88 90* 93* 97*
АЕМ-де 51,5 52,3 55* 58* 62*
Су бұру, оның ішінде:
қалаларда 82 84 88* 93* 97*
АЕМ-де 11 11,2 11,5* 12* 13*
* Бұл индикаторлар 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Қаржыландыру  Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті
 көздері мен   бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Полная версия
ИС BestProfi