Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2011
Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
 Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың 2009 жылғы 28 тамыздағы № 48 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 15.04.2011 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес
Қылмыстық істер жүргізу Кодексіне толықтырулар енгізіліп, Прокуратура органдарына қылмыстық істерді тергеу құқығы берілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 62 бабы 5 бөлімін және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастыру туралы» қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Арнайы прокурорлардың қылмыстық істерді тергеу және тергеу топтарына жетекшілік ету жұмыстары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінде статистикалық есепке алу қамтамасыз етілсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау арнайы прокурорлардың жұмысына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Бас прокуратура аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің, Бас әскери прокуратура, облыстардың, Астана, Алматы қалалары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы Институттың басшыларына мәлімет үшін жолдансын.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 28 тамыз 2009 жылғы
№ 48 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық прокуратура органдарындағы қылмыстық істер бойынша тергеуді Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 191-бабының 3-бөлігі, 197-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы және 198-бабы 3-бөлігінің тәртібінде реттейді.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаменті және облыс прокурорларының аға көмекшілері (көмекшілері) және оларға тергеу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша теңестірілгендер, өз құзырет шеңберінде қылмыстық қудалау функцияларын жүргізгенде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, нұсқауларын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
3. Арнайы прокурор - өзінің құзырет шеңберінде қылмыстық істі тергеу функциясын тікелей жүргізе алатын, сондай-ақ тергеу тобына жетекшілік ету жолымен, Департамент бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Департамент басқармасының бастығы, Бас Прокурордың тергеу жүргізу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша аға көмекшісі мен көмекшісі, Бас Прокурордың криминалист-көмекшісі (бұдан әрі - Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі), облыс прокурорының аға көмекшісі мен көмекшісі және оған тергеу жүргізу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша теңестірілгеннің (бұдан әрі - облыс прокурорының аға көмекшісі (көмекшісі) тұлғасында жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға.
4. Өзінің қызметін жүзеге асыруда арнайы прокурорлар ҚІЖК 197-бабымен, сондай-ақ ҚІЖК 64 және 199-баптарымен көзделген тергеуші мен тергеу тобы басшысының барлық уәкілеттіктеріне ие бола алады. Сол арнайы прокурор өзі тергейтін қылмыстық іс бойынша жоғарыда аталған уәкілеттіктерді бір мезгілде қатар атқара алмайды.
5. Алдын ала тергеу жүргізу қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен анықталған міндеттері мен принициптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қылмыстық істі алдын ала тергеуді жүргізуге қабылдап аларда, сол сияқты тергеу тобына жетекшілік ету туралы мәселені шешер кезде, төмендегідей қылмыстық істер басым санатта болуы тиіс:
азаматтардың конституциялық құдықтарының елеулі бұзылушылығына соқтырған, қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен, мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін сыбайлас жемқорлық пен экономикаға байланысты жасалған қылмыстар;
қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар тұлғаларға, құқық қорғау мен арнайы органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстар;
қоғамдық пікір тудыратын, тергеудің толық, объективті болмауы мен созбалаңдыққа салынған фактілері анықталған қылмыстық істер болып табылады.
2. Алдын ала тергеуді ұйымдастырудағы өкілеттіктердің аражігін ажырату
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - Бас прокуратура), аумақтық прокуратуралар функцияларының аражігін ажырату, олардың қызметінде қайталауды жою, прокурорлар рөлін күшейту мақсатында прокуратура органдарында тергеуді ұйымдастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi