Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Редакция 14.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №44, 543-құжат):
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»;
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:»;
«1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде :
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»;
3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 14.11.2017 жылғы № 583 Жарлығымен (25.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi