Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Су Кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Кодексі
Құжат мәтініндегі «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» сөздері «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға»;
«Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» сөздері «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 09.01.2007 жылғы № 213 Заңы бойынша (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» сөздері «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органның», «уәкілетті органға», «уәкілетті органда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.02.2009 жылғы № 132-іV Заңы бойынша (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «жануарлар мен өсімдіктер» сөздері «өсімдіктер мен жануарлар» сөздерімен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-іV Заңы бойынша (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» сөздері «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» сөздерімен ауыстырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-Vі Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға» сөздері «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» сөздермен ауыстырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-Vі Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 04.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы № 125-ііі Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 09.01.2007 жылғы № 213-ііі Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 19.12.2007 жылғы № 11-іV Заңымен (12.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 12.02.2009 жылғы № 132-іV Заңымен (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті орган ведомствосының ресми тануы;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4-2-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-Vі Заңымен (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
Полная версия
ИС BestProfi