Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2015
Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9659 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 18 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 04.06.2015 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 456 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8058 тіркелді, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Ғ.К. Әмрин) заңнамамен бекітілген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi