Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Экономика және бюджеттік
 жоспарлау министрінің
 2014 жылғы 28 сәуірдегі
 № 116 бұйрығының
 6-қосымша
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.05.2015 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық форматта рәсімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының қағаз немесе электрондық сұраным тәсілімен көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тіркеу – өтініш түскен күні.
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда жауапты орындаушы барлық алаңдарды толтыра отырып өтінішті порталға тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы өтініш түскен күні; 
3) жауапты орындаушының өтінішке қоса берілген құжаттарды осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес екі жұмыс күн мерзімінде толықтығын қарау, құжаттар толық емес жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы жауабын дайындау;
4) жауапты орындаушы он бір жұмыс күн мерзімінде құжаттарды заңға сәйкес қарау;
Полная версия
ИС BestProfi