2014 жылғы 19 қыркүйектегі шығыс № 04–03–23/151-И хатқа
«Инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы», «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы», «Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы», «Ауыл, орман және аңшылық, балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы», «Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» және «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 23 қазандағы № 11681 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы бұйрықтарының жобаларын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
1) «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының бұйрығына анықтама-негiздеменің 1-тармағына сәйкес, нормативтік-құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган ретінде Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті көрсетілген, алайда бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бланкінде ұсынылған.
2) Нақтылау мақсатында, бұйрық жобасының атауын мынадай редакцияда жазу қажет деп есептейміз: «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы».
3) «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық» Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық» бұйрық жобасына 2-қосымшадағы «арифметикалық-логикалық бақылау:» 7-тармағының 3-абзацы «Бөлімдер арасындағы бақылау: 2-бөлімнің 1-жолы + 3.1-бөлімнің 1-жолы + 3.2-бөлімнің 1-жолы = 4.1-бөлімнің 1-жолы + 4.2-бөлімнің 1-жолы + 6-бөлімнің 1,2,3-жолдарының ∑;» деген редакцияда жазылды. Бұл ретте, 6-бөлімде 2 және 3-жолдар көрсетілмеген.
4) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін зерттеу сауалнамасы» (коды 3001104, индексі ЖЭК-001, кезеңділігі жылдық) Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық» бұйрық жобасына 10-қосымшадағы 5-тармақта 4-бөлімнің 1.1-1.19-жолдарына сілтеме берілген. Сонымен қатар, 4-бөлімде 1.19-жол жоқ.
Сонымен бірге, «арифметикалық-логикалық бақылау» 9-тармағының 4-абзацында келтірілген формуларды пысықтау қажет, себебі онда көрсетілген 2, 3 және 4-бөлімдердің жолдарын толтырғанда теңдікке қол жеткізілмейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева
Полная версия

