Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2019
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9824 тіркелді
Осы Бұйрық атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 01.08.2019 жылғы № 9-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысының 2-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті, тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы - Экология департаментері осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Т.Ахсамбиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7), 8), 16) және 17)-тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi