Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Редакция 07.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын.
1) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже;
2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығы;
2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 705 Жарлығы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 973 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін (бұдан әрі - инновациялық кластер) дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды жүзеге асырады.
2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау;
2) кәсіпкерлерді, кәсіпкерлер қауымдастықтарын (одақтарын) шоғырландыру;
3) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
4) қатысушылардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу;
5) қаржыландырылуы жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша дербес кластерлік қордың (бұдан әрі - Қор) мүлкі есебінен жүзеге асырылатын қатысушылардың жобаларын айқындау;
6) Қордың ұсынуы бойынша инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне заңды тұлғаларды енгізу;
7) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де функциялар болып табылады.
1) инновациялық кластерді дамытумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
2) консультациялар жүргізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерге құқығы бар.
5. Кеңестің дербес құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) оның отырыстарында төрағалық етеді;
3) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;
4) Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді;
5) Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындайды және хаттамаларына қол қояды;
6) Кеңес мүшелерінің оның қызметін жетілдіру және Кеңестің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;
7) нормативтік құқықтық актілерде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады;
2) төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;
3) қорытындылар талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылық кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
4) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды Кеңес мүшелері мен басқа да мүдделі тұлғаларға жібереді;
5) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Кеңестің жұмыс органы Қор болып табылады.
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) Кеңес ұсынымдарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өтетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
4) Кеңестің жұмыс жоспарларының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
12. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
13. Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның бастамашылығымен шақырылады.
14. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
15. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
16. Кеңес мүшесі немесе мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
17. Кеңес шешімдері төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
18. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 973 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (05.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 07.09.2016 жылғы № 316 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Назарбаев  Нұрсұлтан Әбішұлы - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы - Алматы қаласының әкімі
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Тоқтабаев Тимур Серікұлы- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (келісім бойынша)
Дункан Ван Берген - «ShеLL Kаzаkhstаn Dеvеlоpmеnt В.V.» бөлімшесінің төрағасы (келісім бойынша)
Ирэй  Юксек  - «ІВМ» вице-президенті (келісім  бойынша)
Йохан  Деннелинд  - «ТеlіаSоnеrа» бас атқарушы директоры (келісім бойынша)
Ким Владимир Сергеевич - «КAZ Міnеrаls РLС» Директорлар  кеңесінің атқарушы емес директоры (келісім бойынша)
Машкевич  Александр Антонович  - «Еurаsіаn Resources Group s.a.r.» Директорлар кеңесінің төрағасы
Өтемұратов Болат Жәмитұлы - Қазақстан Теннис федерациясының президенті (келісім бойынша)
Рақышев Кеңес Хамитұлы   - «SАТ & Соmраnу» өнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Рахымбаев Айдын Жұмәділұлы - «Вuіld Іnvestmеnts Grоuр» акционерлік қоғамы Директорлар
Айдын Жұмәділұлы  Директорлар акционерлік қоғамы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Стивен Францен  - «IDС»-дің Еуропа, Таяу Шығыс және  - Африка өңірлері бойынша аға вице-президенті (келісім бойынша)
Фрэнк Монстрей - «Nostrum Oil and Gaz» Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi