Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2021
Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10513 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.07.2021 жылғы № 440-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 жылғы № 822 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1173 Бұйрығына сәйкес (06.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 жылғы № 822 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және «Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес (26.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылған деп танылсын:
1) «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 156-157 (27430-27431 «Егемен Қазақстанда» жарияланған).
2) «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 263 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 8737 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек  
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1173 Бұйрығына сәйкес (06.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 жылғы № 822 Бұйрығымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.05.2020 жылғы № 122-НҚ Бұйрығына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Полная версия
ИС BestProfi