Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10760 тіркелді
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қолданылатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес (15.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі 03.07.2023 жылғы № 734 Бұйрығына сәйкес (03.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» бойынша осы Қағидалардың 1 нұсқамасына сәйкес және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» бойынша осы Қағидалардың 2 нұсқамасына сәйкес мониторинг есебін (бұдан әрі - мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Кірістер комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 1 және 2 қосымшаларға сәйкес нысанда салық есептілігін мемлекеттік кірістер қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Мемлекеттік кірістер комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.