Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11309 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 316-бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________ Ә. Смайылов
2015 жылғы 8 мамыр
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
 № 340 бұйрығымен
 бекітілген
Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтер
Ұсынатын тұлғалар тобы: заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне
Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей

Р/с

Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы

Күні

ОБЗ* шығаратын ел

ОБЗ атауы мен химиялық формуласы

Алып келінген ОБЗ мөлшері, кг

Шығарылған ОБЗ мөлшері, кг

Сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері

Болжанатын қолданылу салалары

Іске асырылған ОБЗ мөлшері, кг

10 бағ. = Х**+(6 бағ. - 7-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

**Х – есепті жыл басындағы өткен жылдың ОБЗ мөлшерінің қалдығы
Ескертпе: толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанының Қосымшасында көрсетілген.
 Атауы ________________________________ Мекенжайы_____________________
      ________________________________ Телефон ______________________
      ________________________________ Электрондық мекенжайы_________
 Орындаушының тегі және телефоны ________________ Телефон ____________
(Т.А.Ә. қолы) _______________________________________________________
(Т.А.Ә. қолы) _______________________________________________________
«Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысанын» толтыру бойынша түсініктеме
1. Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысаны  (бұдан әрі - Нысан) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 316-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нысанын озонды бұзатын заттарды (бұдан әрі - ОБЗ) әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей ұсынады.
«Р/с №» деген 1-бағанда тізім бойынша реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет;
«Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы» деген 2-бағанда ОБЗ әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің толық атауы көрсетіледі;
«Күні» деген 3-бағанда 6, 7-бағандарда қарастырылған ОБЗ әкелу немесе әкету күні көрсетіледі;
«ОБЗ шығаратын ел» деген 4-бағанда ОБЗ қандай елден шығарылатыны көрсетіледі;
«ОБЗ атауы мен химиялық формуласы» деген 5-бағанда ОБЗ атауы мен химиялық формуласы көрсетіледі;
«Әкелінген ОБЗ мөлшері, кг» деген 6-бағанда елге әкелінген ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
«Әкетілген ОБЗ мөлшері, кг» деген 7-бағанда елден әкетілген ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
«Сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері» деген 8-бағанда ОБЗ сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері көрсетіледі;
«Болжанатын қолданылу салалары» деген 9-бағанда ОБЗ қолданылатын салалар көрсетіледі;
«Іске асырылған ОБЗ мөлшері, кг, 10 бағ. = Х + (6 бағ. - 7-бағ.)» деген 10-бағанда өткен жылдан қалған ОБЗ мөлшері қалдығын есепті жылдың басына қосу және «Әкелінген ОБЗ мөлшері, кг» деген 6-бағаннан «Әкетілген ОБЗ мөлшері, кг» деген 7-бағанды алып тастау арқылы есептелетін іске асырылған ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi