Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10354 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (С.М. Жұманғарин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі
Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Әдістеме табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу тетігін айқындайды.
бақыланатын шығындар - Субъектінің табиғи монополия субъектілерінен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға шеккен және оған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі бекітілетін реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуге қажетті шығыстар;
бақыланбайтын шығындар - Субъектінің бәсекелестік нарықта ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға шеккен және оған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі бекітілетін реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуге қажетті шығыстар;
болжанатын тарифтік табыс - Субъектінің тарифтік бақылау қезеңінің әрбір жылында тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі белгіленген реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуден түскен табысы;
құзыреттi орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және/немесе өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды тиісті аумақта жүзеге асыратын атқарушы орган;
пайданың ұйғарынды деңгейі - Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметті (жұмысты, тауарды) ұсыну бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін алуға құқығы бар тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамына кіретін пайда (таза табыс);
тарифтік бақылау кезеңі - Субъектінің тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі қолданысқа енгізілген сәттен бастап белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру жөніндегі міндеттемелерін ескере отырып, Субъект тарифінің бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін есептеу үшін қабылданатын ұзақ мерзімді кезең;
тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы.
4. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің есебінде қолданылатын шығындарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тарифтік бақылау кезінде әрбір жылға тарифтердің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекітуге жол беріледі және мына формула бойынша анықталады:
ОИi - оларға сыйақылар төлеуге арналған шығыстар, қарыз қаражаттарын ресімдеуге арналған шығындар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар, салықтық, төлемдер жататын инвестициялық бағдарламаны іске асыруға байланысты, i жылдағы объективті шығындар;
9. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына бақыланатын шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын (инфляция) ескере отырып, орта мерзімді кезеңге реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсуінің болжамына сүйене отырып анықталады және мына формула бойынша есептеледі:
Tmi - і жылында болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), теңге;
10. Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған, і жылы болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) мына формула бойынша анықталады:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тml - тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына арналған тарифтік кірісті есептеу үшін қабылданған Субъекті тұтынатын табиғи монополия субъектілерінің т реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), теңге;
ИПР2,3..і. - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) көзделген тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына арналған Субъект тұтынатын Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу индекстері.
11. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына бақыланбайтын шығындары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) негізгі көрсеткіштеріне сүйене отырып, анықталады және мына формула бойынша есептеледі:
Цki - і жылында болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған, реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін оған қажетті, Субъект қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттардың негізінде айқындалған Субъект тұтынатын k қызметтің (тауардың, жұмыстың) құны, теңге;
ИПЦ 2,3..i - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) айқындалған тарифтік бақылау кезеңінің жылдарына тұтыну бағаларының индекстері.
14. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) қамтылмаған орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңнің жылдарына бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды анықтау Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) соңғы жылғы болжамдарының, тұтыну бағалары индекстерінің және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу индекстерінің негізінде жүзеге асырылады.
17. Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) (Tml), Субъекті тұтынатын k қызметтің (тауардың, жұмыстың) (Цkl) құны және тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына тарифтік кірісті есептеу үшін қабылданған шығындар (Зl) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
19. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастас өзге қызмет бойынша қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы уәкілетті органның ведомствасы бекіткен табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес анықталады.
20. Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер олар консервациялауда немесе бір жылдан артық жөндеуде, техникалық қайта жабдықтауда (реконструкциялауда), жалдауда болған жағдайда және ұзақ мерзімді қолданыста болмаған өзге жағдайларда, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына кірмейді.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылында белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес ұзақ мерзімді активтерді пайдаланудан шығаруды және пайдалануға енгізуді ескере отырып есептеледі.