Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.06.2023
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11588 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 3 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес  
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-60) тармақшасына сәйкес, БҰЙРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов): 
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 
___________ Н.Ә. Әбіқаев 
2015 жылғы 13 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е.А. Досаев 
2015 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
___________ Қ.Н. Қасымов 
2015 жылғы 11 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін
 атқарушының
 2015 жылғы 26 наурыздағы
 № 332 бұйрығымен
 бекітілген
Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете
 тексерудi ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете тексерудi ұйымдастыруы бойынша Сертификаттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабы 41-60) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтеріне жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптарды белгілейді. 
2. Осы Сертификациялық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – экипаж мүшелерін, жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, оның ішінде жолаушылардың заттарын, жүктерін, пошталарды, борттық қорларды, әуе кемесінің жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бір бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар.
2. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете тексерудi ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар
3. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi (бұдан әрі – АҚҚ) сәйкес келетін АҚҚ-ны жете тексерудi ұйымдастыруы бойынша сертификатын алу үшін, сертификаттық талаптар өз ішіне мыналарды қосады:
1) Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшаларына сәйкес бекітілген АҚҚ туралы үлгі ережеге сәйкес әзірленген, бірінші басшымен бекітілген әуежайдың АҚҚ туралы ережені;
2) әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың АҚҚ құрылымы мен штат кестесінің бар болуын; 
3) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаны;
4) Заңның 107-бабының 6 тармағының талаптарына сәйкес жете тексеру кезінде қолданатын техникалық құралдарды;
5) «Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық қауіпсіздігі жайында даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығына (№ 9543 нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде тіркелген) сәйкес әзірленген әуежайдың АҚҚ даярлау және қайта даярлау бағдарламаны;
6) жете тексеру инспекторлары және олардың басшыларында кәсіби дайындықты өткені туралы тиісті сертификаттардың болуын;
7) «Авиациялық қауіпсіздікті сақтау сапасын бақылау жүргізу қағидаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436-қбп қаулысына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын ішкі бақылау бағдарламаны; 
8) қауіптер мен тәуекелдерді бағалау бағдарламаны;
9) «Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік бойынша Нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973-қбп қаулысының талаптарына сәйкес әзірленген әуежайлардың АҚҚ-ның қызметтік және тұрмыстық үй-жайларын;
10) жете тексеру байланыс құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, дабыл қағу жүйесімен, жеке тұлғаларды стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен жабдықталған бақылап-өткізу пунктін (бұдан әрі - БӨП);
11) «Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік бойынша Нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973-қбп қаулысының талаптарына сәйкес әуе кеменің бортында қару-жарақтарды тасымалдау туралы нұсқаулықты;
12) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген электрэнергияның өшірілген немесе жете тексеруге арналған жабдығы бұзылған жағдайда, АҚҚ персоналының іс-қимылы жөніндегі ңұсқаулықты;
13) стационарлық және қол металл іздегіштермен, рентген-телевизиялық қондырғылармен, портативті металл іздегіштермен жабдықталған ұшуалды жете тексеру пунктерді, сондай-ақ бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі, ондағы ақпарат күнтізбелік 30 күн ішінде сақталады;
14) дербес жете тексеру жүргізуге арналған үй-жайды (кабина);
15) жолаушыларға қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындауды ұшу алдында жете тексеру пунктерінің маңында орналасқан қару-жарақты, оқ-дәрілерді және оған патрондарды қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жайды;
16) жете тексеру кезінде жолаушылардан алынған әуемен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті құралдар мен заттарды уақытша сақтауға арналған үй-жайды;
17) оған қатынау қатаң бақыланатын жолаушыларды ұшуалды жете тексеру пункті мен әуе кемесі арасындағы аймақты;
18) жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы ақпараты бар плакаттар ілінеді, онда мыналар көрсетіледі:
әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен құралдардың тізбесі;
әуе кемелерінде қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, радио, фото және бейне аппаратураны, электрондық-есептеу және теледидар техникасын тасымалдау тәртібі, сондай-ақ қол жүгін тасымалдаудың шекті нормалары;
19) жете тексерістен өтпеген жолаушылардан және шығарып салушылардан тексеруден өткен жолаушылармен қарым қатынасты болдырмау үшін жете тексеру қоршалған пункттері;
20) әуежайдың бірінші басшысымен жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерін экипаждарының мүшелерін және авиаперсоналды ұшу алды жете тексерудің бекітілген технологиясы, ол мыналарды қамтиды: 
әрбір жете тексеру пунктін персоналмен жабдықтау (жолаушыларды ұшу алды жете тексеру пунктінде персонал саны кемінде 4 маман болуы тиіс), ауысым ішінде жұмыс орындарында тұрақты орын ауыстыруын жүзеге асыру;
жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жолаушылардың сырт киімін, бас киімдерін, аяқ киімін, белбеулерін, соңғысының жұмысқа қабілеттілігін келтіре отырып, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті жете тексеру);
сұйықтықтарды, аэрозольдер мен гельдерді жете тексеру тәртібі;
заттарды жете тексеру немесе қолмен жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану кезінде күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекеттер тәртібі;
іріктеу тексерулеріне қатысты талаптар (жолаушылардың кемінде 10 % іріктеп қолмен жете тексеруге тартылады);
ішкі істер органдармен өзара іс-қимыл тәртібі; 
ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды жете тексеру рәсімдері;
транзитпен немесе тарнсферлік рейспен өтетін жолаушыларды жете тексеру тәртібі;
жолаушыларды жете тексеру карталарын ресімдеу тәртібі;
заттарды жете тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидалары;
заңсыз араласу актісін жасау қауіптілігінің жоғары деңгейінің кезеңінде жете тексеруді жүргізу тәртібі;
21) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген қолжүкті, жүкті, поштаны және борт қорларын жете тексеру технологиясы, ол мыналарды қамтиды: 
әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық жете тексеру талабы;
рентген жабдығында немесе багажды, жүкті, поштаны жеке жете тексеруде күдікті заттар табылған кезде іс-қимыл тәртібі;
жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік жүкке қатысты қағидалар;
багаждың жолаушыларға тиістілігін белгілеу тәртібі;
багажды, жүкті және борт жабдығын (борт қорларын) жете тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалу тәртібі;
жете тексеруден өткен жүктерді нөмір жапсырмаларымен таңбалау тәртібі;
жете тексеру рәсімінен өткен борттағы бажсыз сауда-саттық үшін борт жабдығы және тауарлары бар контейнерлерді жеткізу тәртібі;
22) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген әуежайдың зарарсыздандырылған аймағында тұрған бажсыз сауда-саттық дүкендеріне түсетін тауарларды жете тексеру жөніндегі нұсқаулық;
23) багажды, жүкті, поштаны және борт қорларын жете тексеру байланыс құралдарымен,  дабылымен, апатты жарықпен және электр жабдығымен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентгентеледидар интроскоптарымен, сондай-ақ бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі, ондағы ақпарат күнтізбелік 30 күн ішінде сақталады.
Полная версия
ИС BestProfi