Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 249 бұйрығына
2-қосымша
Кедендік алып жүру қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 215 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Кедендік алып жүру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 322-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзиттің кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Автомобиль көлік құралдарын кедендік алып жүруді кедендік транзит кеден рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
кедендік наряд - кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының құрамы;
межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы.
4. Кодекстің 322-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда кедендік транзит кеден рәсімінде тауарларды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органының басшысыКедендік алып жүру туралышешімді қабылдайды.
Мемлекеттік кірістер органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 322-бабына сәйкес осындай шешім қабылданған сәттен бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
5. Кодекстің 120-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кедендік алып жүру туралы шешім қабылданғаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төленеді.
6. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өтемейді.
2. Кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібі
7. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда, міндетті түрде:
мемлекеттік кірістер органы мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік алып жүру туралы шешім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар- тапсырма;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі;
4) көлік құралын қарап тексеру актісі (жөнелтуші кеден органында толтырылады);
Полная версия
ИС BestProfi