Близость слов: Окончание:





Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру ағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 502 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12202 болып тіркелді
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуің;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестиңиялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 17 шілде
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 502 бұйрығымен
 бекітілді
Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-9) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Халықаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы (транзитті қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Облысаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-15) тармақшасына сәйкес бекітілетін Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұлттық тасымалдаушы жүзеге асырады, облысаралық қатынастарда – бәсекелестік негізде жүзеге асырылады.
Ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, бақылау пакеттері жолаушыларды, багажды, жүк-бағажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызмет көрсететін, соның ішінде арнайы және әскери тасымалды орындайтын ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға түсініледі.
2. Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi
5. Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерді:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 тіркелген) бекітілген Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларының 2-бөлімінің 3 және 4 параграфтарына сәйкес облысаралық және халықаралық қатынастардағы жолаушылар поездарының қозғалысының нормативтік кестесін және оларды қалыптастыру жоспарын әзiрлеудi;
2) құрастырылған жолаушылар поездары, соның ішінде облысаралық әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қозғалысының нормативтік кестесін теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен келісуді;
3) Ұлттық инфрақұрылым операторымен тасымалдау жоспарын құру алдындағы 1 (бірінші) желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері-қатысушыларының теміржол көлігі бойынша орталық кеңесі шеңберінде өткізілетін техникалық мәжілістерінің шешімдерін ескере отырып жолаушылар поездарының қозғалысының нормативтік кестесінің алғашқы жобасын келісу;
4) халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар поездарына қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды.
6. Облысаралық және халықаралық қатынастардағы жолаушылар поездары қозғалысының нормативтік кестесін әзірлеу бастапқы пункттерден шығу және соңғы пункттерге келу, сондай-ақ iрi елді мекендерғе келу мен шығу кезінде жолаушылар үшін қолайлы уақытты қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады.
7. Поездарды қалыптастыру жоспарын әзірлеу кезінде тасымалдаушы тұрақты айналымдағы жолаушылар вағондарының санын, құрамдарды қалыптастыру және олардың айналымы, тікелей қатынайтын вагондарды ағыту мен тіркеу пункттерін, жол жүру бағытында жолаушылар поездарына техникалық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.
8. Жаңа облысаралық қатынастарды ұйымдастыруды тасымалдаушы магистральдық темір жол желiсiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн ескере отырып жүзеге асырады.
9. Қозғалыс кестесінде көзделмеген қосымша жолаушылар поезын тасымалдаушының тағайындауы немесе вагондарды қосымша қосу халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар ағынының күтілетін көбеюі жағдайында жүргiзiледi.
10. Халықаралық қатынастарда поездар немесе вагондар санын көбейту, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесінде көзделген жолаушылар поезының немесе тікелей қатынайтын вагонның қозғалысын тоқтатуды тасымалдаушы аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын күтiн-ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келіскеннен кейін Ұлттық инфрақұрылым операторымен бiрлесiп жүргiзедi.
11. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін ашық барлық темір жол станциялары мен тоқтау пункттері арасында жүзеге асырылады.
12. Облысаралық және халықаралық қатынастарда орындарды есепке алуды ұйымдастыру, бос және босайтын орындар туралы ақпарат беру және оларды іске асыру жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы және технологиялық өзара іс-қимыл жасаумен поездардың жүру жолы бойынша қол тәсiлiмен жүргiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi