Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2019
"Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1290 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12958 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2019 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылдың 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 20 сәуірде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1290 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 224 бұйрығымен
 бекітілген
Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары 
1. Жалпы ережелер
Полная версия
ИС BestProfi