«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 20) бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2017
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13525 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 18 маусымынан бастап ҚР Әділет министрлігінің 27.04.2017 жылғы № 484 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығы бекітілсін.
2. Бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9189 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін, осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдауды:
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін нақтылайды.
2. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі болып Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде белгіленген тәртіппен шығарылған прокурордың, нотариустың әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар соттың, органның (лауазымды тұлғаның) қылмыстық процесін жүргізуші органның сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы болып табылады.
3. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу кезінде сот-наркологиялық сарапшылар осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы деректер енгізіледі.
4. Тұтқындағы тұлғаларға қатысты сот-наркологиялық сараптама (бұдан әрі - СНС) көрсетілген тұлғалардың болған орындарында жүргізіледі (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы), сондай-ақ қажет болған жағдайда зерттеулер жүргізу үшін сот сарапшысының кабинетінде.
5. Сот-наркологиялық сараптама амбулаторлық жағдайларда жүргізіледі. Егер сот-наркологиялық сарапшылар амбулаторлық жағдай нәтижесінде СНС ұзақ және егжей-тегжей бақылау салдарынан қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда, олар СНС стационарлық жағдайда өткізу туралы ұсыныс береді.
Полная версия