1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының [[1-тармағына|663003752] сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өткізіледі.
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік органдар «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей (10 желтоқсаннан кешіктірілмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.
6. Әлеуметтік демалыстағы «А» корпусының қызметшілері уәкілетті орган бекіткен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) уәкілетті орган бекітетін «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығына сәйкес (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығына сәйкес (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге дайындық осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім басталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге қажетті материалдарды дайындау мен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу кестесін айқындауды қамтиды.
1) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының не қызметіне «А» корпусының қызметшісі жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;
12. «А» корпусының қызметшілері бағалау өткізілгенге дейін мемлекеттік органға өзінің кәсіптік деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
13. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) уәкілетті орган бекіткен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен «А» корпусының қызметшісін оған қатысты қызметті бағалаудың өткізілетіні туралы оны өткізу басталғанға дейін жеті жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелерін тіркеу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.
15. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндердегі шәкіл бойынша қойылады: «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «тиімді».
16-тармақ алып тасталды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) уәкілетті орган бекіткен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен «А» корпусының қызметшісін қызметті бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Мемлекеттік орган жылдық бағалау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
21. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының қызметшілерін жылдық бағалауға талдауды жүзеге асырады және 20 ақпаннан кешіктірмей оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына енгізеді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, «А» корпусының қызметшісі өзінің қызметін бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өтінішпен Ұлттық комиссияға жүгіне алады.
24. Ұлттық комиссия жұмыс органы ұсынған материалдарды қарау және, қажет жағдайда, «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
25. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті комиссиямен келісім бойынша онымен еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.
26. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусы қызметшілері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.
30. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын адамдар жүргізеді.
30-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31-тармақ алып тасталды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
32. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері бағалау парағында тіркеледі.
32-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
33. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндері бар шәкіл бойынша қойылады:
33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен «Б» корпусының қызметшісін қызметті бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
34-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 141 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35-тармақ алып тасталды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
36. «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алуы, ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда, оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады.
36-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (13.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатылады.