Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының ғылым туралы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасыныңм Заң жобасына тұжырымдама жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының ғылым туралы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінеғылыммәселелерібойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізутуралы
2. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін негіздеу.
2011 жылы ҚР «Ғылым туралы» Заңы қабылданып, елімізде ғылымды басқарудың жаңа нұсқасы сапалы түрде енгізілген болатын. Ұлттық ғылыми кеңестер (ҰҒК) және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүйесі (ҰҒТС) құрылды.  
Осы Заңды жүзеге асыру барысында қазақстандық ғалымдардың зерттеулік белседілігі едәуір артты. 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурсқа түскен өтінімдер саны 2,5 есеге өсті. Оның ішінде ғылыми өнімді әлеуетті жеткізушілердің 55%-н жоғары оқу орындары құрады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес бұл өсім оң үрдіске бастауда.  
2011-2015 жылдары қазақстандық жарияланымдар ғылыми ақпараттың әлемдік ағымында 3,5 есеге артты (Thompson Reuters, Web of Science деректері бойынша). Ғылым саласына 18,9 мың зерттеушілер тартылды, осы жылдары олардың саны 39%-ға көбейді. ҚР қолданыстағы «Ғылым туралы» Заңының нормалары қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми кеңістікке бірігумен халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік жасайтынын айта кеткен жөн.  
Ғылым саласындағы мемлекеттік саясат білімді барынша алуға ынталандыруға, тудыруға, технологияға аударуға және оны Қазақстан экономикасының шынайы секторына беруге бағытталуы тиіс. Бұл мақсатқа қол жеткізбей, Қазақстан экономикасы салаларының тиімді дамуы туралы айтып та қажеті жоқ. Осыдан барып мемлекет бұл мақсатқа қол жеткізу процестеріне әсер етуші негізгі факторлар бойынша шараларды қолға алып отыр:  
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 874 Жарлығымен бекітілді;  
- Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына бағытталған ғылыми саланың негізгі құрамдас бөлігі ретінде реттеп отыратын «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №381-V Заңы қабылданды.  
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы. 29.10.2015 жылғы жағдай бойынша:  
2011 жылы қабылданған ҚР «Ғылым туралы» Заңының кейбір ережелері Қазақстан Республикасының осы нормативті құқықтық актілеріне сәйкес келмейді, оған қайшылық танытып, ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттік саясаттың басты мақсатына жетуіне – жоғары ғылыми-әдістемелік дәрежеде ғылыми зерттеулер жүргізуге және оларды ары қарай жаңа инновациялық өнім жасау бойынша ғылыми-техникалық зерттемелерде пайдалану арқылы көрнекті нәтижелер алуға және оны экономиканың нақты секторларына беруге мүмкіндік туғызбайды.  
1. Қазақстан Республикасының ғылым саласы алдында тұрған маңызды  
мәселенің бірі ғылымды жеткіліксіз қаржыландыру болып отыр, ғылымды қаржыландыру деңгейі (0,17 ЖІӨ) сын көтермейді – ЖІӨ 1%.  
Анықтамалық: Ғылыми-зерттеу және зерттемелерге жұмсалатын ішкі шығындарды ЖІӨ-нен ғылымға бөлінетін шығындарды салыстырып қарасақ, көптеген ғылыми-зерттеулер мен жобалық-конструкторлық зерттемелердің нәтижесі мемлекеттің инновациялық қызметтін дамытып, ЖІӨ-ге жағымды жағынан ықпал ететінін байқауға болады. Ғылымға қаржы құйған сайын, ЖІӨ жоғарлап, өсе беретіні белгілі. Кері үрдіс барысында ҒЗТКЖ шығыны артқан сайын ЖІӨ өнімінің келемі ұлғайып, ғылым тұрақты, сенімді түрде дамитынын байқауға болады. 2012 жылы ЖІӨ ғылымға қомақты қаржы бөлген бес үздік ел анықталды. Олар – Израиль (3,9%), Финляндия (3,5%), Швеция (3,4%), Дания (3,0%), Германия 2,9%) сынды дамыған елдер. Ал ЮНЕСКО-ның Статистика институтының мәліметінше ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нен қомақты қаржы бөлеген АҚШ 8 орынға табан тіресе, Қытай 14 орында, Ресей – 25, Ұлыбритания 17, Жапония – 39, Қазақстан – 70 орынға жайғасқанын байқаймыз. (Дереккөзі: UNESCOInstituteforStatistics, 2012.).
2015 жылы Қазақстан Республикасының ҒЗТКЖ мен ғылымды қажетсінетін салаға ЖІӨ-нен бөлген шығындары 0,17%-ды құрады. Соған қарамастан Қазақстанның ғылым саласына бөлінетінін шығындары біршама артқан, бірақ бұл дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Соңғы он жылда ішкі ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындар тұрақты динамикасын сақтағанымен, ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы көлемі біртіндеп төмендегенін байқауға болады. Бұдан ЖІӨ ғылымға қатысы жоқ салалардың үлесінен өсу үстінде.
Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға арналған Инновациялық даму концепциясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы №579 Жарлығына сәйкес 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 2%-ын ғылымға жұмсау көзделген болатын.  
2. Іс-тәжрибеден байқағанымызда ғылыми және ғылыми-техникалық жоба мен бағдарламаларда қаржыландыру барысында ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет нысанысына қаржы уақытында түспейтінін байқауға болады.  
Полная версия
ИС BestProfi