Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
"Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14025 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12022 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларында:
«3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
вагон айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жолаушылар вагондарының жөнелту саны;
жүк айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;
құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
мәлімделген вагон айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын вагон айналымы;
мәлімделген жүк айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын жүк айналымы;
өтеу кестесі – тұтынушының және (немесе) концессионердің және Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер басшысының қолдарымен расталған магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының және концессионердің алдындағы берешегін өтеу кестесі;
салалық мемлекеттік орган – уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда, тұтынушы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түрінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін пайдалануды, ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсететін Ұлттық теміржол компаниясына акцияларының бақылаушы пакеті тиесілі заңды тұлға;
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi